Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Алматы облысы әкімінің орынбасары кәсіпкерлермен кездесті

Алматы облысы әкімінің орынбасары Арслан Дандыбаев бірқатар серіктестік өкілдерімен кездесті. Аталған басқосу Алматы қаласындағы Алматы облысының өңірлік даму орталығында өтті, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

28.09.2022
Аймақ
Фото: Alataunews.kz/Сұлтан Тілекұлы

Фото: Alataunews.kz/Сұлтан Тілекұлы

Облыс әкімінің орынбасары серіктестік өкілдерімен жеке-жеке сөйлесіп, ұсынып отырған жобаларымен танысты. Арслан Дандыбаевпен кездесуге келген кәсіпорындар:

  • «AUKAT INVEST» ЖШС;
  • Есік қаласындағы «Винзавод» АҚ;
  • «Tengri LLC» ЖШС;
  • «Якар» ЖШС;
  • «SG BRICK» ЖШС.

Оның ішінде, «AUKAT INVEST» ЖШС — Еңбекшіқазақ ауданындағы 25 елдімекенге газ тарту жобасын ұсынды.

«Қазір бұл жобаның құны қанша болатыны толық есептелген жоқ. Аталған кәсіпорын газ тартуды өз қаражатына жасайды. Яғни, кәсіпорынның ұсынып отырғаны — инвестициялық жоба», — дейді облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Дастан Шалтабаев.

Фото: Alataunews.kz/Сұлтан Тілекұлы

«Винзавод» ЖШС-нің директоры Дмитрий Зененко болса алма өндіретін және оны өңдейтін кәсіпкерлер ассоциациясын құру тұралы ұсыныс білдірді. Оның айтуынша, кез келген өңдеуші кәсіпорын жұмысын жолға қоюда бірқатар кемшіліктер бар, соның бірі — нормативтік құқықтық заңдар.

«Заңды дұрыстап берсе және ассоциация құруға көмек етсе, Қазақстан шарабымен шетелдік нарықты жаулап алар едік», — деді ол.

Фото: Alataunews.kz/Сұлтан Тілекұлы

«Tengri LLC» ЖШС — Қытайлық компанияның медицина өнімдерін Алматы облысына әкелу туралы жобасын таныстырды.

«Якар» ЖШС — кондитерлік өнім шығаратын зауыт. Серіктестік басшысы Дженгиз Якардың айтуына қарағанда түрлі тәттілер шығаруда кәсіпорынның толық қауқарын көрсету үшін ток қуаттылығы жетпейді. Дженгиз Якар әкім орынбасарынан осы мәселені шешуге көмек етуін сұрады.

«SG BRICK» ЖШС өкілдері болса Алматы облысында жылына 50 млн кірпіш шығаруға мүмкіндігі бар зауыт салуды ұсынды. Маманның мәліметінше, көп құрылыс жүргізіліп жатқан аумақта мұндай зауыттың керектігі рас.

Кәсіпкерлермен кездескен Арслан Дандыбаев алдағы уақытта да бұл жобалар мен ұсыныстар қайта пысықталып, түрлі салаға жауапты мамандарымен кеңейтілген отырыс өткізетінін айтты.

Фото: Alataunews.kz/Сұлтан Тілекұлы

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Тегтер: газ тартужоба

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

19 ақпаннан бастап күшіне енді: қызылша анықталса, екпе алмаған балалар мектепке бармайды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Демалыс күндері ауа райы өзгереді: боран, жаңбыр және қатты аяз болжанды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы таныстырылды:

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz