«Олар қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықтың жай-күйін талқылады. Қазақстанның Ішкі істер министрлігі мен ҚХР Қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің өзара іс-қимылы тиісті құқықтық база аясында іске асырылып отыр», — деді Ш. Тұрлыбек.
Осы орайда ол шекара маңы ынтымақтастығын кеңейту бойынша өзара сапарлар мен жұмыс кездесулері тұрақты түрде өткізіліп тұратынын, кадрларды даярлау және қайта даярлау, жұмыс тәжірибесімен алмасу жөніндегі оқу курстары ұйымдастырылатынын айтты.
Сонымен қатар, ҚР ІІМ басшысы 108 қазақстандық полицей өткен оқу курстарын ұйымдастыруға көмектескені үшін қытайлық қонаққа алғысын білдірді.
Министрдің пікірінше, басты міндеттердің қатарына экстремизм мен терроризмге қарсы күрес, интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жатады. Алаяқтарды жауапқа тарту үшін халықаралық ақпарат алмасуды күшейту қажет, өйткені бұл әрекеттер көп жағдайда трансұлттық сипатқа ие.
Чжан Сяо Қытай тарапы азаматтардың қауіпсіздігі үшін өзара тығыз іс-қимыл жасауға мүдделі екенін атап өтті.