Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Әлем

Қазақстан азаматтары Ливаннан сәтті эвакуацияланды

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2024
Әлем, Жаңалықтар

Таяу Шығыстағы шиеленістің өршуіне байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Қазақстанның тиісті мемлекеттік органдары Ливаннан қазақстандықтарды және олардың отбасыларын елге эвакуациялау жұмыстарын ұйымдастырды, деп хабарлайды alataunews.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Эвакуация операциясы Ыстамбұл және Дубай қалалары арқылы жүзеге асырылып, 2024 жылғы 17-31 қазан аралығында Бейруттан Астана мен Алматы қалаларына 41 адам аман-есен жеткізілді.

Бұл шара әскери қақтығыс аймағында қалған Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында қолға алынды.

Айта кетсек, жақында Израиль әскері Ливанда «Хезболла» тобының жоғары лауазымды өкілі Имад Әміхазды тұтқындаған болатын. Әміхазды ұстау операциясын Израильдің теңіз күштері жүзеге асырды. Израиль тарапы оны «Хезболланың» теңіз операцияларына жауапты деп есептейді. Ливан үкіметі бұл оқиғаға қатысты БҰҰ-ға шағым түсіретінін мәлімдеді.

«Хезболла» радикал тобы 7 қазаннан бері Израильге шабуылдарын үдетіп, ХАМАС-ты қолдауға бағытталған әрекеттерін жалғастыруда. Осыған жауап ретінде Израиль Ливанның оңтүстігінде «Хезболлаға» қарсы әскери операциялар жүргізіп келеді.

Тегтер: ҚазақстанСІМ

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz