Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Маусымдық дала жұмыстарына бөлінген дизель отынының жартысы игерілмеді – Алматы облысы

"Тапсырыс тізіміндегі 50% дизель отыны неге игерілмейді?" – Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасына сұрақты төтесінен қойды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

05.08.2022
Аймақ, Жаңалықтар

«Алматы облысында 2021 жылы егін жұмыстарына барлығы 29,5 мың тонна дизель отыны бөлінді. Ал оның 15,3 мың тоннасы (51,8%) ғана игерілді. Шамамен алғанда 50% игерілмей қалып тұр. Неге? Мәселенің себебі неде? Дизельді жеткізіп беруге уағдаласқан оператор оны нарық бағасымен сатады. Оңтүстік Қазақстанда осындай заңбұзушылық фактілері тіркелген. Ал жеңілдікпен берілетін дизель отыны мен нарықтағы дизель отынының бағасында біршама айырмашылық бар (кейде 25 тг болуы мүмкін)», — деді Ғалымжан Байбосынов.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Қоюмчан Омаровтың айтуынша, мұндай жағдайлардың орын алуының түрлі себептері бар. Мысалы, ұсыныс жазғанда, бір шаруашылық жүгері егемін десе, кейін ұсыныстағы дизель отыны кеп қойған соң, шығыны аз дүние егемін деп, дизельге мұқтаж болмай қалады.

«Екіншіден, дизель отынын оператор белгілі бір жерге әкеліп құйып кетеді, шаруашылықтар сол жерден өздерінің ұсыныстары бойынша отынды тасып алуы керек. Алайда, оны тасымалдау үшін бензин таситын көлік жалдау мәселесі шығады, сосын, тонналап отынды құйып алатын заты болмайды. Сондықтан, артық бас қатырғанша, нарық бағасымен отынды керек уағында жақын жердегі бекеттерден сатып алады. Кейде, тіпті, жеңілдікпен берілген дизельден арзан бағаға отын табылады. Нарынқолда демеушілер табылып, 192 теңгеден емес, 186 теңгеден отын сатып алған кездері болған», — дейді Қоюмчан Омаров.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы осындай түсініспеушіліктер туындамау мақсатында шаруашылықтарға нарық бағасымен дизель отынын сатып алуға мүмкіндік беру керектігін айтты. Және шаруашылықтарға дизель отынына байланысты субсидия бөлу арқылы жеңілдік жасауды ұсынды. Сондай-ақ, Қоюмчан Омаров аталған мәселені шешу үшін талондық немесе карталық жүйені енгізуге болатынын атап өтті.

Тегтер: дизельотын

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz