Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

Қорлан Нұрланқызы
16.10.2024
Жаңалықтар

Қазақстанда зейнетақы төлемдері туралы жаңа мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды alataunews.kz.

2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша елдегі зейнеткерлер саны 2 миллион 413 мың адамды құрайды. Орташа зейнетақы көлемі 131 810 теңге болған. Бұл сомаға базалық және ынтымақты зейнетақылар кіреді: базалық зейнетақы – 42 599 теңге, ал ынтымақты зейнетақы – 89 211 теңге.

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен жалпы көлемі 2 триллион 803 миллиард теңге зейнетақы төлемдері жасалған. Оның 882,8 миллиард теңгесі базалық зейнетақыға, ал 1 триллион 920,2 миллиард теңгесі ынтымақты зейнетақыға бөлінген.

Айта кетейік, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы әрбір азаматтың еңбек өтіліне қарай жеке есептеледі. Егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, базалық зейнетақы ең төмен күнкөріс деңгейінің 65 пайызын құрайды. Әрбір қосымша жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға артады. Мысалы, еңбек өтілі 20 жыл болса, базалық зейнетақы 85 пайызға теңеледі, ал 30 жыл және одан көп еңбек өтілі болса, ол күнкөріс деңгейінің 105 пайызына дейін жетеді.

Зейнетақы жүйесіне тұрақты түрде аударылған міндетті жарналар болашақта базалық зейнетақы мөлшерінің өсуіне тікелей әсер етеді.

Тегтер: Басты жаңалықтарзейнетақыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz