Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

51 шақырымға 2,9 млрд теңге – Райымбек ауданындағы қара жолдың қамы биліктің назарында

Биыл жалпы ұзындығы 51 км аудан жолдарын жөндеуге 2,9 млрд. теңге бөлінді. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Райымбек ауданының халқымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Alataunews.kz.

05.08.2022
Жаңалықтар, Сұхбат

Нарынқол, Кеген жолаушыларының наразылығын тудырған «Көкпек-Кеген-Түп» автожолын да облыстық билік тікелей назарына алды. «ҚазАвтоЖол» бұған дейінгі мердігер мекеме арасындағы келісім шарт бұзылды. Қазіргі таңда аталған жолдың жөндеу жұмыстарын «АБЗ Карьер ДРСУ» ЖШС өз міндетіне алды. Жұмыстың аяқталуы мерзімі  – 2023 жылдың қазан айы.

«Аудандағы тағы бір өзекті мәселе – «Кеген-Нарынқол» автомобиль жолының жағдайы. 2017 жылы 49 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қазіргі таңда «ҚазАвтоЖол» ЖШС-ның күшімен ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалды. Жолдың қалған 35 шақырымына жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін қаражат бөлу қажет. Министрлікке хат жолданып, «ҚазАвтоЖол» мекемесімен жұмыстарды пысықтау қажет», — деді Марат Сұлтанғазиев баяндамасында.

Райымбек ауданындағы жолдар бойынша Марат Сұлтанғазиев бірінші орынбасары Л.М. Тұрлашов пен облыстық басқарма басшыларына аудан әкімімен бірлесіп, белгіленген мерзімде автомобиль жолдарының, оның ішінде кентішілік жолдардың құрылысы мен жөндеуін аяқтауды, сапасын қамтамасыз етуді тапсырды. Облыс басшысы сондай-ақ, «Кеген-Нарынқол» автомобиль жолының жөндеуіне жобалық құжаттаманы әзірлеу үшін «ҚазАвтоЖол» мекемесімен мәселені пысықтауды міндеттеді.

Тегтер: Райымбекхалықпен кездесу

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 42 градусқа дейін аптап ыстық болады

Қорлан Нұрланқызы
03.08.2026

Көлсай көлдерінде аттан құлаған туристер құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
03.08.2026

Алматы облысында инвесторлардың құқығын бұзған 18 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
03.08.2026

Марат Сұлтанғазиев Шелек ауылындағы әлеуметтік нысандар құрылысының барысын тексерді

Қорлан Нұрланқызы
03.08.2026

Alatau City-де KAIST филиалын ашу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі таныстырылды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz