Алматы және Астана қалаларында Қаржы министрлігінің бірнеше қызметкері кәсіпкерден 68 миллион теңге көлемінде ақша иемденгені үшін ұсталды, деп хабарлайды alataunews.kz.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, бұл қызметкерлер кәсіпорынға 570 миллион теңге көлемінде салықты заңсыз қосымша есептеу арқылы ақша бопсалаған. Лауазымды тұлғалар мәселені шешу уәжін айтып, кәсіпкерден ақшалай сыйақы талап еткен. Күдіктілерге қатысты тергеу жалғасып, олар сот санкциясымен үй қамағына алынды.