Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Министр: алаяқтар қолданатын жалған нөмірлер бұғатталады

Соңғы уақытта елімізде интернет пен телефон арқылы алаяқтық жасау фактілері күн санап көбейіп келеді. Осыған байланысты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрі Бағдат Мусин әлеуметтік желідегі парақшасында мәселенің шешу жолдарын жазды, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

05.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

«Алаяқтармен күресудің тиімді әдістерінің бірі – жалған нөмірлерді бұғаттау. Қыркүйек айының соңына дейін байланыс операторлары алаяқтар қоңырау шалатын жалған телефон нөмірлерін анықтап, бұғаттайды. Цифрлық даму министрлігі азаматтардың қауіпсіздігін ескере отырып, ұялы нөмірлерді тіркеу кезінде биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізуді қарастырып жатыр. Осылайша, біз телефон нөмірлерінің бөтен адамдарға тіркелу жағдайларының алдын алғымыз келеді», — деп жазды министр.

Сондай-ақ министрлік интернет-алаяқтыққа қарсы ақпараттық-түсіндіру бағытында банктермен тығыз әрекет жасауды ұсынып отыр. Өйткені алаяқтық фактілер көп жағдайда банк операцияларымен тікелей байланысты. Бағдат Мусин банк қызметкерлері тұрғындарға хабарласқан уақытта оның шынымен банктен хабарласып тұрғанына көз жеткізу үшін SMS-хабарламалар арқылы сәйкестендіру жүйесін енгізуге болатыны туралы да атап өтті.

Министр аталған бастамалардың мәселені түбегейлі жоймайтынын, тек мәселені шешудің бір ғана жолы екенін ескертті.

Салыстырмалы түрде алатын болсақ, 2016 жылы халықты алдаудың 1 мың жағдайы тіркелген болса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 21 мыңға өскен.

Тегтер: интернет

Соңғы жаңалықтар

Іле ауданында жаңа тренд: сенбілікке отбасымен қатысатындар көбейді

Қорлан Нұрланқызы
25.04.2026

«Таза Қазақстан»: Алматы облысында 47 мың адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.04.2026

CREATOR: gd-jpeg v1.0 (using IJG JPEG v80), quality = 80

Алматы облысында 52 миллион көшет отырғызу жоспарланған

Қорлан Нұрланқызы
24.04.2026

Алматы агломерациясын дамыту: газ, жол және жаңа мектептер мәселесі талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
24.04.2026

Қонаевта 30 жыл жиналған қоқыс үйінділері тазартылды

Қорлан Нұрланқызы
24.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz