Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қазақстанда биыл Ресейлік 2 ЖОО-ның филиалы ашылады – Үкімет қаулы қабылдады

2022 жылдың күзінде Қазақстанда Ресейдің екі жоғары оқу орнының филиалы ашылады. Үкімет тиісті қаулы қабылдады, деп хабарлайды Alataunews.kz

05.08.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Ресейдің «МИФИ» Ұлттық ядролық зерттеу университетінің филиалы Алматы қаласында, И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің филиалы Атырау қаласында ашылады.

Биыл қазан айында аталған жоғары оқу орындары филиалдарының базасында «Қорғалған жоғары өнімді есептеу жүйелері», «Элементар бөлшектер физикасы және ғарыш физикасы», «Мұнай мен газды іздеу және барлау», «Мұнай және газ кен орындарын игеру, пайдалану және кешенді механикаландыру мен автоматтандыру», «Мұнай және газ тасымалдау» сияқты мамандықтар бойынша кадрларды дайындау басталады. Оған 200 грант бөлінді. Оқу орнында ресейлік профессорлар білім бермек.

«Кәсіби кадрларды даярлау мен ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруда жоғары оқу орындарын әлем елдерінің тәжірибесімен ұштастыру және ынтымақтастық ауқымын кеңейту заманауи білім беру технологияларын кеңінен енгізуге мүмкіндік береді. Техникалық кадрларды дайындау жағынан ресейлік ғылым әлемдегі ең үздіктердің бірі саналады. Сондықтан бұл тәжірибе бізге өте пайдалы», — деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Елімізде ресейлік университеттер филиалдарының ашылуы қазақстандық жастарға елден шықпай-ақ жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының дипломын алуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы елімізде 2025 жылға дейін шетелдік жоғары оқу орындарының 5 жаңа филиалын ашу туралы тапсырма берген болатын. 2022 жылдың ақпан айында ҚР Білім және ғылым министрлігі мен РФ Ғылым және жоғары білім министрлігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға, сондай-ақ ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасында екі елдің жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу туралы келісімге қол қойылған.

Тегтер: ЖООҚазақстанРесей

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz