Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазанда ауа температурасы төмендеп, жауын-шашын мол болады

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2024
Жаңалықтар

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 2024 жылдың қазан айында Қазақстанда ауа райы күрт өзгеріп, суық әрі жауын-шашынды болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Еліміздің басым бөлігінде қатты жел соғып, жылдамдығы 15-25 м/с-қа дейін жетеді, ал солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыста түнгі жаңбыр көктайғаққа айналуы мүмкін.

Қазан айының алғашқы онкүндігінде ауа температурасының күрт төмендеуі болжанып отыр. Кей аймақтарда күндізгі және түнгі температура айтарлықтай ауытқиды:

  • Батыс аймақтарда түнде +3+12°С-тан -3+5°С-қа дейін, күндіз +18+27°С-тан +13+22°С-қа дейін;
  • Солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда түнде 0,+8°С-тан -1-6°С-қа дейін, күндіз +17+25°С-тан +5+13°С-қа дейін;
  • Оңтүстік және оңтүстік-батыста түнде +10+18°С-тан +7+15°С-қа дейін, күндіз +23+28°С-тан +20+25°С-қа дейін.

Айдың екінші және үшінші онкүндігінде солтүстік аймақтарда тұрақсыз ауа райы сақталып, жаңбыр, көктайғақ, тұман және қатты жел күтіледі. Ал оңтүстік аймақтарда негізінен жауын-шашынсыз ауа райы орнайды, дегенмен, кей күндері жаңбыр жаууы мүмкін.

Қазан айы бойы температураның ауытқуы болжанады, солтүстік және батыс облыстарда түнде -2+6°С-тан 0-8°С-қа дейін, күндіз +13+23°С-тан +3+12°С-қа дейін төмендейді.

Алдын ала болжамдарға сәйкес, синоптиктер бұл өзгерістерге байланысты тұрғындарды қырағылық танытып, сақтық шараларын ескеруге шақырады.

Тегтер: ауа райыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz