Бүгін еліміздің басым бөлігі циклонның ықпалында болатындықтан, қар аралас жаңбыр түрінде жауын-шашын болу мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.
Мамандардың мәліметінше, еліміздің төрт өңірінде түнде топырақ беті қатып, үсік жүреді.
Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі, солтүстік-шығыстан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде және Шымкент пен Түркістан қалаларында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с, ал солтүстігінде түнде топырақ бетінде үсік күтіледі.
Қызылорда облысының орталығында күндіз шаңды дауыл болады, солтүстік-шығыстан желдің екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, түнде тұман түседі. Желдің екпіні кей жерлерде 23 м/с дейін жетеді, облыстың батысы мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының оңтүстігі мен шығысында найзағай күтіледі, ал батысы мен солтүстігінде түнде тұман болады. Желдің екпіні таңертең және күндіз 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Ақтөбе облысында күндіз желдің екпіні 15-20 м/с болады, облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысында және орталығында жел 15-20 м/с болады, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысының оңтүстігі мен орталығында түнде тұман түседі, ал түнде шығысы мен орталығында үсік жүреді деп күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде жаңбыр мен қар жаууы мүмкін, ал түнде және таңертең тұман болады. Облыстың батысы мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау және Алматы облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі, найзағай ойнайды, желдің екпіні 23-28 м/с дейін жетуі мүмкін.
Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде жел 15-20 м/с болады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде түнде үсік жүреді, ал басқа аймақтарында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.