Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Әлем

БАҚ Дональд Трампқа қастандық жасалғанын жазды

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2024
Әлем, Жаңалықтар

Америкалық БАҚ Дональд Трамп Флоридадағы гольф-клубынан шығып бара жатқанда оның жанында оқ атылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Трамп атыс болған жерден бірнеше жүз метр қашықта болған, ол дін-аман, бірақ ФТБ бұл оқиғаны «қастандық әрекеті болуы мүмкін» деп мәлімдеді. «Президент Трамп аман», — деп хабарлады оның сайлауалды науқанының коммуникациялар жөніндегі директоры Стивен Чунг.

Оқиғадан төрт сағат өткен соң өткен баспасөз мәслихатында ФТБ, Құпия қызмет және жергілікті полиция өкілдері Трамптың гольф клубының жанында көлікпен қашпақ болған адам ұсталғанын және гольф алаңының жанындағы бұталарда Калашников автоматының тасталғанын айтты.

Президенттер мен экс-президенттерді күзететін Құпия қызмет өкілінің айтуынша, олардың қызметкері бұталардың арасынан шығып тұрған қаруды көріп, әріптестерімен бірге оқ атқан. Содан кейін куәгер бұталардан қара түсті Nissan көлігіне қарай жүгірген адамды көріп, ол көлікке отырып, қашып кеткенін айтқан.

Тегтер: АмерикаҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында тауда жарақат алған 18 жастағы турист құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
26.08.2026

Алматы облысында 17 адам 800-ден астам көлікті заңсыз тіркеген

Қорлан Нұрланқызы
26.08.2026

Алматы облысының таулы аймақтарында қар түсті

Қорлан Нұрланқызы
26.08.2026

Жаңа Қазақстан және жаңарған Конституция

Диана Ахметова
26.08.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Диана Ахметова
26.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz