Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Кеген ауданында су құбырларының 48% тозған

Бұл туралы облыс басшысы Марат Сұлтанғазиевтің баяндамасында айтылды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

04.08.2022
Жаңалықтар, Сұхбат

Кеген ауданында 34 елді мекеннің 31 немесе 91,2 пайызы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 221 шақырымды құрайды, алайда оның 48 пайызы тозған. Биылғы жылдың жоспарына сәйкес, Ақтасты ауылында құрылыс жұмыстары аяқталып, Шырғанақ және А. Нүсіпбеков ауылдарының сумен жабдықтау жүйелеріне құрылыс жұмыстары басталуы тиісті.

Бөлексаз ауылында 2020 жылы басталған күрделі жөндеу жұмыстары 2021 жылдың қазан айына аяқталу керек еді. Алайда, мердігердің салғырттығынан жұмыс уақытында бітпеген. Сот шешімімен мердігерге жұмысты 2022 жылдың 30 маусымына дейін тапсыру міндеттелген. Қазір жұмыстың 95 пайызы аяқталған.

Бұдан басқа, қазір Кеген ауылы тұрғындарының 40%-ы сумен жабдықтау жүйесіндегі қысымның жеткіліксіз болуына байланысты ауыз суды өз бетінше жеткізумен айналысатыны белгілі болды, сонымен қатар, кегендіктер құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасыз жүргізілуіне наразылығын білдіріп жатыр. Тұрғындармен кездескен облыс басшысы Марат Сұлтанғазиев ауыз су мәселесі шешілетінін, нақты жұмыстар атқарылатынын айтты.

Тегтер: Кегенсу құбырларыхалықпен кездесу

Соңғы жаңалықтар

Есірткі қылмысына қарсы күрес – қоғам қауіпсіздігінің маңызды шарты

Диана Ахметова
25.08.2026

Заңды білу – өз құқығыңды қорғау

Диана Ахметова
25.08.2026

Меншік құқығын қорғаудың маңызы

Диана Ахметова
25.08.2026

Жасыл ел – жарқын болашақ

Диана Ахметова
25.08.2026

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу жолдары

Диана Ахметова
25.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz