«Ұлттық паркке 5 млрд. теңге сомаға инвестор – «Атырау-Рент» тартылды. Кеше жобамен таныстық, қызығушылық бар», — деді Марат Сұлтанғазиев өз баяндамасында.
Экологиялық туризм – Кеген ауданының негізгі туристік өнімі, оның дамуы аудан аумағында орналасқан «Көлсай көлдері» ұлттық паркінің әлеуетіне негізделген. Көлсайға келушілерді орналастыру үшін Саты ауылында 3 қонақ үй және 28 жеке қонақ күтетін үйлер бар. Биыл Ұлттық паркке 70 мыңнан астам адам келді. Бұл облыстың ұлттық парктеріне келгендердің жалпы санының 16 пайызын құрайды (435,7 мың адам).
Мұнда ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, «Көлсай көлдері мемлекеттік ұлттық табиғи парктер аумағында экологиялық туризмді дамыту» инвестициялық жобасын іске асыру үшін инвестиция тартылды.
Ұлттық парктерге жол және инженерлік инфрақұрылым жүргізу мақсатында биыл 2,1 млрд.теңгеге 19 шақырым жол жөндеуден өтеді, 17,2 км электр желілері қайта жаңғыртылады:
– Құны 806,4 млн. теңге болатын ұзындығы 7 шақырымды құрайтын Саты ауылынан Құрмет ауылына дейінгі Көлсай көліне кіреберіс автожолды күрделі жөндеу;
– Құны 1,3 млрд. теңге болатын Саты ауылынан Қайыңды бақылау пунктіне дейінгі ұзындығы 12 шақырым автожолды орташа жөндеу;
– Саты ауылындағы және көлге дейінгі ұзындығы 17,2 км электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жасалып жатыр.