Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Ақтауда турникке тартылудан рекорд жаңарды

Республикалық «Tartyl Fest» турникте тартылу спорт фестивалі Ақтау қаласында өтті. Маңғыстаулық Дамир Набиев 44 рет турникке тартылып, рекордты жаңартты, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі Қазақпарат таратқан мәліметке сілтеме жасап.

04.08.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Ақтауда өткен сайыста жасы мен салмағына қарай 9 категория бойынша 297 адам сынға түсті. Барлық қатысушыларды қоса есептегенде маңғыстаулықтар 5737 рет турникке тартылды.

Каспий теңізі жағалауындағы Амфитеатрда өткен шараға Ақтау, Жаңаөзен және қала маңындағы ауыл, аудандардан қатысушылар мен көрермендер келді. Жарысты тамашалауға 3 мыңнан аса адам жиналды.

Турникке тартылғандардың ең егдесі 67 жастағы Мұңалбай Тукешов болса, ең кішісі 7 жасар Аслан Сансызбай мен Арсен Рамиль болды.

Фестиваль қорытындысында 27 жүлдегер анықталды. Сайыстың жалпы жүлде қоры – 3 млн теңге. Бірінші орынға – 200 000 теңге, екінші орынға – 100 000 теңге және үшінші орын алған жүлдегерлерге 50 000 теңге көлемінде қаржылай жүлде берілді. 44 рет турникке тартылып рекорд жаңартқан Дамир Набиев 32 жаста. Ол 30 жастан жоғары 80 келіге дейінгі категорияда бақ сынады.

Айта кетейік, бұдан бұрын шымкенттік Азамат Сапар турникте 41 рет тартылып, рекордтық көрсеткішке жеткен еді.

Жалпы турникке тартылудан «Tartyl Fest» республикалық спорт фестивалі Қонаев қаласында басталып, Талдықорған, Алматы, Тараз, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Атырау қалаларында жалғасқан еді. Спорт фестивалі еліміздегі ірі 20 қалада өтікізіліп, 6 қыркүйекте аяқталады. Әр қаладан 27 жеңімпаз анықталып, Нұр-Сұлтан қаласында өтетін гранд-финалға қатысады. Гранд-финалдың жүлде қоры – 54 млн теңге. Ал чемпиондар Street Workout бойынша әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алады

Тегтер: рекорд

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz