Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бізге Банктер туралы жаңа заң қажет — Тоқаев

Қорлан Нұрланқызы
02.09.2024
Жаңалықтар

Президент Қазақстан халқына Жолдауында банктер қызметі мен жаңа заң қабылдау тұрғысына тоқталып өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Тоқаев ақша-несие саясаты мен фискалды саясаттың арасындағы үйлесімсіздікті жою қажеттігін айтты.

«Қазір нақты секторға несие әлі де ойдағыдай берілмей жатқанын ашық айтуымыз керек. Шағын және орта бизнесті жеткілікті қаржыландыру мәселесі де шешімін тапқан жоқ. Бұл жағдай еліміздегі іскерлік ортаның белсенділігіне, экономиканың тұрақтылығына және дәйекті дамуына кедергі келтіріп отыр. Үкімет пен Ұлттық Банк бірлесіп,о сыған қатысты оңтайлы шешімдер ойластыруы керек. Банктердің экономикаға көбірек қаржы құюына жағдай жасау қажет», — деді Мемлекет басшысы.

Халықаралық сарапшылар қазақ банктерін ресурсқа бай елдер ішіндегі ең көп пайда табатын банктер санатына қосады. Сондықтан осы саладағы салық мөлшері әділ белгіленуге тиіс. Банктердің акционерлері дивидендіне сәйкес салық төлеуі керек. Банктерге мемлекет көрсеткен көмек тұрғысынан қарасақ, бұл – өте орынды ұстаным. Цифрлық активтердің айналымын қамтамасыз ету және банк саласына инновацияларды қауіпсіздік талабына сәйкес енгізу үшін оны реттейтін тетіктердің тұрақты болуы маңызды.

Сондай-ақ, ол бізге Банктер туралы жаңа заң қажет екенін айтты.

«Бұл құжатта экономикалық белсенділікті қолдау және финтех саласын қарқынды дамыту сияқты өзекті мәселелер шешімін табуы керек. Қазір қолданып жүрген заң шамамен 30 жыл бұрын қабылданған. Ол кезде заман да мүлде басқа болды», — деп толықтырды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мұнымен қоса республикалық бюджеттің кіріс бөлігі орындалмай жатқандығын баса айтты.

«Бұл – бұрынғы және қазіргі Үкімет жұмысындағы үлкен олқылық. Мұндай жағдай жиі қайталанса, түптеп келгенде, еліміздің дамуын тежейді. Сондықтан оған жол бермеу қажет. Бюджет қаржысын тиімді пайдаланып, оның шығыс бөлігін шектеп, қатаң бақылауда ұстаған жөн. Үкімет Ұлттық Банкпен бірлесіп, осы мәселеге қатысты нақты шаралар қабылдауға тиіс», — деді ол.

Тегтер: заңТоқаев

Соңғы жаңалықтар

Почетная и ответственная миссия: студентка из Алматинской области о предстоящем референдуме

Николай Иващенко
10.03.2026

ОСМС в действии: как жителю Конаева помогла современная хирургия

Николай Иващенко
10.03.2026

Нового руководителя получило управление внутренней политики Алматинской области

Николай Иващенко
10.03.2026

МВД РК утвердило правила присвоения госномеров электросамокатам

Николай Иващенко
10.03.2026

В Алматинской области назначен заместитель руководителя аппарата акима региона

Николай Иващенко
10.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz