Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Ақтауда полиция қызметкерін пышақтап өлтірді

Ақтау тұрғыны полиция қызметкерін пышақтап өлтірді. Қайғылы оқиға 3 тамызда болған. Маңғыстау облысының полиция департаменті қызметкердің қаза тапқанын растады, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

04.08.2022
Арнайы жоба, Жаңалықтар
Ашық дереккөзден

Ашық дереккөзден

Куәгерлердің айтуынша, Ақтаудағы 17-ші шағын ауданда полиция қызметкері пышақталған. Ол ауруханаға жеткізіліп, сол жерде қайтыс болды. Полиция департаменті бұл фактіні растады.

«Басқарма сағат 03:50-де кезекші бөлімшеге 17-ші шағын аудандағы үйдің ауласынан мойын тұсынан пышақ жарақатын алған 26 жастағы жігітті жедел жәрдеммен Маңғыстау облыстық ауруханасына алып кеткені туралы ақпарат түскенін хабарлады. Ол есін жимай, жансақтау бөлімінде көз жұмды», — делінген хабарламада.

Марқұм полиция қызметкері, еңбек демалысында болған. Жедел іздестіру шаралары барысында 27 жастағы күдікті анықталып, ұсталды.

Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен (Адам өлтіру) Ақтау қалалық ІІБ-нің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне (СЖБ) тіркелді.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тегтер: оқыс оқиғаполиция

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz