Алматы облысы мен Алматының таулы аудандарында кей уақыттарда нөсер жаңбыр мен бұршақ жаууы ықтимал. Жел солтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні секунына 15-20, кей уақыттарда 24-29 метрге дейін жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде жөғары өрт қаупі бар.
Алматыда күндіз найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, найзағай кезінде екпіні секундына 15 метрге жетеді.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Маңғыстау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 метр болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түсіп, күндіз облыстың солтүстігінде найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облысының батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі бар.
Астанада түнде және таңертең тұман түседі.
Қызылорда облысының шығысында найзағай ойнайды. Жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында күші секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының оңтүстігінде найзағай. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі бар.
Ұлытау облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Абай облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында секундына 15-20 метрге жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі бар.
Жамбыл облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Түнде облыстың таулы аудандарында найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні кей уақытта секундына 23 метрге жетеді.
Жетісу облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с-қа жетеді. Облыстың солтүстік бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі бар.