Жетісу облысы әкімінің өкімімен Диас Серікұлы Серіков Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Диас Серіков 1988 жылы туған, білімі жоғары. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «экономика және бизнес», Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін «қаржы бакалавры», «экономика және бизнес магистранты» мамандықтары бойынша бітірді.
Еңбек жолын «Қазақстан Республикасының минералды шикізаттарды кешенді ұқсату жөніндегі ұлттық орталығы» РМК-ның инженері болып бастады.
Әр жылдары Нұр-Сұлтан қаласында «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ бас менеджері, бас сарапшысы, орталық директорының орынбасары, директоры, «Жергілікті мазмұнды дамыту жөніндегі «NADLoC» ұлттық агенттігі» АҚ директорының орынбасары, «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ дирекциясының басшысы лауазымдарын атқарды.
2022 жылдың сәуірінен – Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы.
Жетісу облысы әкімінің өкімімен Темерлан Амангелдіұлы Бектасов Жетісу облысының құрылыс басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Темерлан Бектасов 1969 жылы туған, білімі жоғары. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын «сумен жабдықтау, суды әкету және су қорларын қорғау», Мемлекеттік инженерлік-техникалық академияны «бағалау» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын Алматы облысы Қаскелең ауданында В.И.Ленин атындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының Шығыс бөлімінің Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында жұмысшы болып бастады.
Бірнеше жыл Қарасай, Жамбыл аудандарында сәулет, қала құрылысы, құрылыс бақылау мекемелерінде түрлі қызметтерде болды.
Кейін Алматы облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы, Кербұлақ ауданы Талдыбұлақ ауылдық округінің әкімі, Алматы облысы құрылыс басқармасы бастығының орынбасары, басшысы, Панфилов ауданының әкімі, Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы, Алматы облысы бойынша еңбек инспекциясының басшысы лауазымдарында болды.
2021 жылдың қазанынан Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болды.
Жетісу облысы әкімінің өкімімен Жомарт Амангелдіұлы Әмірханов Жетісу облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Жомарт Амангелдіұлы Әмірханов 1981 жылы туған, білімі жоғары. С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Астана қаласында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаментінде бөлім маманы болып бастаған.
Әр жылдарда Ауыл шаруашылығы министрлігі Егіншілік департаментінде жетекші маман, бас маман, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Салалық органдардың шығындарын жоспарлау департаментінде бөлімнің бас маманы, Өнеркәсіп, құрылыс, ақпараттандыру, көлік және коммуникация басқармасында бөлім бастығы, Отын-энергетика, өнеркәсіп, құрылыс кешендері және тұрғын үй-коммуналдық салаларды дамыту басқармасында бас сарапшы, басқарма бастығы, Экономика салаларын дамыту департаментінің құрылысты, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын және экологияны дамыту басқармасының бастығы, ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаментінің аумақтық даму басқармасының бастығы, Тараз қаласында Жамбыл облысының экономика және және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы лауазымдарын атқарды.
2017 жылдың қыркүйегінен – Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.