Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУДІҢ СОҢҒЫ КЕЗЕҢДЕРІ

20-21 тамыз аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы, Арсен Жакуповтың төрағалығымен Алматы облысы кадр резервіне іріктеудің облыстық кадр комиссиясындағы құрылымдық сұхбат кезеңі өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
21.08.2024
Алматы облысы, Жаңалықтар, Қоғам

Өңірлік кадрлық резервке іріктеудің бастапқы кезеңінде 237 адам қатысты.

Құрылымдық сұхбат кезеңіне 35 үміткер өтіп Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайын және өңірдің мемлекеттік басқару жүйесін дамытудың басымдықтарын ескере отырып белгіленген 4 базалық бағыттың бірін таңдап әзірлеген жобаларымен комиссияны таныстырды.

Сұхбат барысында үміткерлер агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары, экономика және қаржы, цифрландыру, әлеуметтік сала бағыттары бойынша жобаларын таныстырып, күтілетін нәтижелерді баяндады.

Комиссия үміткерлерді 3 критерий бойынша бағалады: аналитика; білім тереңдігі; коммуникативтік дағдылар.

Комиссия шешімімен 25 адам резервке қабылданатын болады.

Іріктеудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін құрылымдық сұхбат жүргізу кезеңінде қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен салалық сарапшылар тартылды.

Облыстық кадр комиссиясының келесі мүшелері қатысты:

Жакупов Арсен Абзалұлы —  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы, комиссия төрағасының орынбасары;

Мәдіғұлов Мұрат Бақыткерімұлы – Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы;

Байғоджаев Қуат Сұлтанұлы – Алматы облысы мәслихатының хатшысы;

Мұсаев Мейрам Мирзанович – Алматы облысы тексеру комиссиясының мүшесі;

Копдикбаев Болат Исаханович — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы, комиссия хатшысы.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылғы 1 наурыздан мемлекеттік қызметке жас мамандарды тарту, жауапты лауазымдарға білікті азаматтарды тағайындау мақсатында Өңірлік кадрлық резерв жобасы жүзеге асырылуда.

Резервте болу мерзімі – 2 жыл. Осы кезеңде резервшілер сайланатын лауазымдарды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдарда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына заңнамада белгіленген тәртіппен тағайындалуы мүмкін.

Тегтер: Алматы облысыАрсен Жакуповмемлекеттік қызмет

Соңғы жаңалықтар

Аида Балаева Алматы облысындағы туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығын тексерді

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

Тоқаев бірнеше заңға қол қойды

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

Тоқаев Таяу Шығыстағы бітімге қатысты мәлімдеме жасады

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

Алматы облысында сирек кездесетін түркістан сілеусіні фототұзаққа түсті

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

АҚШ Иранға соққыларды уақытша тоқтатады: Трамп мәлімдеме жасады

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz