Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

Алматы облысында 1742 білім беру мекемесі бар

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев облыста 1742 білім беру мекемесі барын, оның 703-і мемлекеттік мекемелер. 2024 жылғы бекітілген бюджет бойынша білім беру ұйымдарын ұстауға 336,1 млрд теңге бөлінгенін мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
20.08.2024
Алматы облысы, Жаңалықтар, Қоғам

Оның айтуынша, 201,1 млрд. теңге немесе барлық бюджеттің 60%-ін педагогтардың жалақысы мен әлеуметтік төлемдер құрайды. Бюджеттің 18%-і немесе 69,0 млрд теңгесі мемлекеттік білім беру тапсырыстарына бөлінген.

Облыс басшысы оқушылардың әр кезеңдегі жетістіктеріне де тоқталып өтті. Ол : «2021-2022 оқу жылында 45 оқушы, 2022-2023 оқу жылында 104 оқушы халықаралық, республикалық олимпиадалар жеңімпаздары атанса, тек 2023-2024 оқу жылының ішінде 145 оқушы жүлделі орындарды иеленді. Бұл көрсеткіште жүлделердің басым бөлігі Есік қаласындағы «Білім-Инновация» мамандандырылған лицейіне тиесілі. Сонымен қатар, биылғы жылы тұңғыш рет өткен республикалық ауыл олимпиадасында Алматы облысының командасы 32 жүлделі орынды иеленіп, командалық есепте республика бойынша 2-ші орынды жеңіп алды. Бүгінгі күні мемлекеттік білім мекемелерімен қатар халықаралық лингвистика олимпиадасының жүлдегері Әбдікеш Мирасты дайындап шығарған «Арыстан» мамандандырылған лицейі мен экономикадан халықаралық олимпиада жүлдегері Ильжанов Жәңгірді дайындаған «Дана» жекеменшік мектебіне алғысымды жеткіземін»,- деді.

«Биылғы жылдың ең бір қуанышты сәті — Талғар ауданының Қарабұлақ орта мектебінің түлегі Еңсебек Жаннұр Ұлттық бірыңғай тестілеуде рекордтық 140 балл жинап, қарапайым ауылдың қазақ мектебінен терең білім алуға болатындығын дәлелдеді. Біз әрқашан жастар арасындағы осындай жетістіктерімізді ұлғайтып, насихаттауымыз қажет. Себебі, қоғамды алға жетелейтін де, керемет жаңалықтар ашып, адамзатты дамытатын да дарындылар. Бүгін осындай шәкірттер тәрбиелеп, білім берген нағыз шебер ұстаздарға айтар алғысым мол. Және де барлық ұстаздарды осындай нәтижелі жұмысқа шақырамын», — деді облыс басшысы сөзін жалғап.

Жалпы облыста бүгінгі таңда 33 мыңнан астам педагог қызмет етеді.

 

Тегтер: Алматы облАлматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 33 мың гектардан астам жердің су мәселесі шешілді

Қорлан Нұрланқызы
20.05.2026

Алматы облысында Джеки Чанның атын жамылған алаяқ қарияны алдамақ болды

Қорлан Нұрланқызы
20.05.2026

Алматы облысындағы таулы аймақта Ан-2 ұшағы апатты жағдайда қонды

Қорлан Нұрланқызы
20.05.2026

Іле ауданының мақтанышы: Жансая Ержан екі дүркін Азия чемпионы

Қорлан Нұрланқызы
20.05.2026

«Әкем әлі тірі жатқан»: Алматы облысындағы өлімге қатысты тың деректер айтылды

Қорлан Нұрланқызы
20.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz