Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Үлкен Алматы айналма автокөлік жолына (БАКАД) 3 миллиард теңге қарыз. Ақы төлемейтін кімдер?

Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын (ары қарай - ҮАААЖ)қолданғаны үшін ақы төлемеген жүргізушілердің қарызы 3 миллиард теңгеден асқан, деп хабарлайды alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
16.08.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Бұл туралы Қазақстан Республикасының көлік министрлігі жауап берді.

Көлік министрлігі атынан автомобиль жолдары комитеті мен концессионер («Аларко-Макжол-СК» түрік-Оңтүстік Корея консорциумы) арасында концессия шарты жасалғанын еске салды. Соған сәйкес, концессионер («Аларко-Макжол-СК» консорциумы) ҮАААЖ мемлекеттік автомобиль жолына қызмет көрсетуді және пайдалануды жүзеге асырады. Ал жолды пайдаланушылардан түскен барлық төлем республикалық бюджетке түседі.

Көлік министрлігінің мәліметінше, жүргізушілердің БАКАД ақылы жолын пайдаланғаны үшін берешегінің жалпы сомасы бүгінгі күні 3 156,5 миллион теңгені (үш миллиард бір жүз елу алты миллион бес жүз мың теңге) құрайды.

Негізінен төлемейтіндер — бұл жеңіл көлік жүргізушілері (70 пайыз), қалған 30 пайызы жүк көліктері мен жолаушылар автобустары.

«Концессионер серіктес банктермен бірлесіп, БААЖ бойынша жол жүргені үшін берешектің бар екендігі және оны өтеу қажеттілігі туралы пайдаланушыларды хабардар ету жүйесін (жедел push-хабарламалар арқылы) іске асырды. Заңнамаға және жария шартқа сәйкес пайдаланушылар ақылы жолға кіргенге дейін аванстық төлемдер жолымен БАКАД бойынша жол жүру ақысын уақытылы төлеуге тікелей міндетті және жауапты болады», — деп хабарлады ведомстводан.

Айта кетейік, ҮАААЖ — Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің (МЖӘ) алғашқы жобасы.

ҮАААЖ А-1 техникалық санатына жатады, бұл жедел жол (басқаша айтқанда, автобан немесе тас жол). Трассаны салумен, пайдаланумен және күтіп ұстаумен Түркиядан келген Alarko және Makyol компанияларының түрік-Оңтүстік Корея консорциумы, сондай-ақ Оңтүстік Кореядан SK Ecoplant және Korea Expressway корпорациясы айналысады.

Тегтер: ақылы жолБАКАДБасты жаңалықтарҮАААЖ

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz