«Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін улы қарақұрт өрмекшісінің табылып, таралуына байланысты Павлодар облысы Баянауыл ауданы Торайғыр ауылдық округінің аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи төтенше жағдай жариялансын», — делінген құжатта.
Уәкілетті органдарға табиғи төтенше жағдайды жоюға бағытталған шараларды қабылдау тапсырылды.