Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

МӘМС: Алматы және Жетісу облыстарында 465 мыңға жуық адам сақтандырылмаған

Екі облыста тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызмет алатын 464 976 адам әлі күнге дейін сақтандырылмаған, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

03.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Сақтандырылмағандардың 72,4%-ы соңғы 12 айда мүлде жарна төлемегені анықталды. Бұл туралы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Алматы облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Отарғалиев мәлімдеді.

«Азаматтардың тағы 13,3%-ы – өз қызметін азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша атқаратын тұлғалар. Қазір жарналарды төлеуді тоқтатқан бұрынғы жалдамалы жұмысшылар 5%-ды құрайды. Дербес төлеушілердің үлесі – 1,7%, жеке кәсіпкерлер – 2,4%, бірыңғай жиынтық төлем төлеушілердің саны 4,0%-ға тең. Бұл негізінен 38-44 жастағы адамдар. Олар бейресми жұмыс істейді және жарна төлемейді», – дейді қор директоры.

Сондай-ақ жұмыспен қамту орталығына барып ресми тіркеле алатын жұмыссыздар да бар. Бұл жағдайда осы азаматтар жеңілдік санатына кіріп, олар үшін төлемдерді мемлекет аударады.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанда медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.

Тегтер: Жетісу облысы

Соңғы жаңалықтар

Вакцинадан бас тарту несімен қауіпті: маман маңызды сұрақтарға жауап берді

Қорлан Нұрланқызы
27.08.2026

Жаңа Қазақстан және жаңарған Конституция

Диана Ахметова
27.08.2026

Заң мен тәртіп: қауіпсіз болашаққа бастар жол

Диана Ахметова
27.08.2026

«Таза Қазақстан» – болашақ ұрпаққа аманат

Диана Ахметова
27.08.2026

ОСК Құрылтай депутаттарын тіркеді

Қорлан Нұрланқызы
27.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz