Алдағы демалыс күндері еліміздің көп бөлігінде фронтальды бөлімдердің әсерінен жаңбыр, найзағай сақталады, ал республиканың батыс және оңтүстік аймақтарына Еуропаның аудандарынан антициклон жотасының біртіндеп енуіне байланысты жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі.
Еліміздің батысында күндіз ауа температурасының +41°С дейін, оңтүстік-батыста +40+45°С дейін жоғарылайды, қалған аумақтарда күрт өзгерістер күтілмейді.