Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы аумағында жылына 100 мың тонна құс етін шығаратын кәсіпорын салынады

Алматы облысы әкімдігінде "Beles Agro kz" ЖШС және "ПК Алтын таға" ЖШС, "Nauryz Agro kz" ЖШС жобалары  таныстырылымы өтті. Онда облыста салынатын кәсіпорындар жайлы сөз етілді, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

03.08.2022
Аймақ, Жаңалықтар

«Beles Agro kz» ЖШС Алматы облысының Іле ауданында және Шеңгелді ауылдарында 100 мың тонна құс етін өндіретін құс фабрикасын салмақ ниетте. Инвестицияның жалпы құны 74 миллиард теңгені құрайды.

«Біз тек құс өсіріп қана қоймай, оның етін импортқа, экспортқа шығаруды көздеп отырмыз. Аталған жоба жүзеге асса, 3200 адам жұмыспен қамтылады», — дейді жобаны жасаушы Наим Турдиев.

Ал «Nauryz Agro kz» ЖШС болса, Жетігенде жылына 15000 тонна құс етін беретін фабрика салмақ. Бұл кәсіпорында 380 жаңа жұмыс орны ашылады. Құс етінің 7000 тоннасы ҚХР-на, Өзбекстан мен Қырғызстанға тасымалданады. Жоба құны – 6 млрд 800 млн теңге. Оның жартысын инвесторлар құйса, жартысы несиеге жасалады.

«ПК Алтын таға» ЖШС болса жоғарыда аталған 100000 тонна құс етін өндіретін фабрика үшін темірбетон құрылыс материалдарын шығаратын зауыт салмақ. Бұл зауыт тек құс фабрикаларын ғана құрылыс материалдарымен қамтамасыз етіп қоймай, түрлі қоймаларға, үй салуға арналған материалдарды өндіреді. Жоба бойынша бұл зауыт Қарасай ауданында бой көтереді. Бұдан бөлек, зауыт материал жасауға керекті шикізатты да өздері шығарады және ауланың әрін кіргізуге арналған тастарды да өндіреді. Бұған керек инвестицияның жалпы сомасы – 54,3 млрд теңге.

«Біздің бұл жерге таныстырылымға келген басқа да себебіміз бар. Әкімдік тарапынан инфрақұрылым жағынан көмек керек. Жол салу, газдандыру, электр энергиясымен қамтамасыз ету деген сияқты. Екінші, жоба тезірек жүзеге асу үшін компанияға әкімшілік қолдау қажет боп тұр. Оның ішінде, жер мәселесі шешімін табуға тиіспіз. Үшінші, ақпараттық көмек», — дейді «Алтын таға» компаниясының даму бөлімінің директоры Валерий Ухватов

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өз кезегінде аталған жобалармен танысып шықты. Және жобаларға бөлінетін жердің мейлінше Алматы қаласынан алшақ болуын қалайтынын, оған көмегін беретінін айтты.  Себебі, тек мегаполис тұрғындары ғана емес, алыс ауылдардағы тұрғындар да жұмыспен қамтылуы керек. Бұл адамдардың ауылдан қалаға ағылуын тежейді.

Тегтер: кәсіпорынқұс еті

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ірі есірткі айналымы әшкереленді

Қорлан Нұрланқызы
15.04.2026

Қаскелеңде жасөспірім қыздар төбелесі: қылмыстық іс қозғалды

Қорлан Нұрланқызы
15.04.2026

Алматы облысында алма шаруашылығы жаңа деңгейге көтерілді

Қорлан Нұрланқызы
15.04.2026

Кеген ауданында бір күнде 3 мыңнан астам ағаш отырғызылады

Қорлан Нұрланқызы
14.04.2026

Сабақтастық пен тазалық символы: Іле ауданында «Таза өлке – таза жер» акциясы өтті

Қорлан Нұрланқызы
14.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz