Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Азамат Сатыбалды «Қазақфильм» президенті қызметінен кетті

Бүгін желіде Азамат Сатыбалды "Қазақфильм" киностудиясының президенті қызметінен кетеді деген ақпарат тараған болатын. Кейін Сатыбалдының өзі растады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Бастапқыда киностудия баспасөз қызметі бұл ақпаратты жалған деп, жоққа шығарды. Мәдениет және ақпарат министрлігі де соны қайталады.

«ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының президенті Азамат Сатыбалдының қызметінен босатылғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлайды», — деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері.

Бұл туралы кейін продюсер Еркебұлан Күрішбаев өзінің Telegram-каналында хабарлады.

«Азамат Сатыбалдының «Қазақфильм» президенті қызметінен кетуі мен үшін шок болды (…) «Қазақфильмдегі» қызметім осымен соңына жеткен сияқты», — деп жазды ол.

tengrinews.kz редакциясы Азамат Сатыбалдыға хабарласқан екен.

«30 шілдеден бері Қытайдамын, халықаралық киножобаға қатысып жүрмін. «Қазақфильммен» келісімшартым аяқталды, оны создырмаймын деп шештім. Алғаш рет қазақ актерін осындай халықаралық деңгейдегі жобаға шақырды, түсірілімге қатысуға мүмкіндік алдым. Бұл менің актерлік карьерамдағы елеулі қадам және қазақ өнерін әлемдік аренада танытуға берілген мүмкіндік. Түсірілім Қытайда да, Қазақстанда да бірнеше айға созылады», — деп жауап беріпті актер әрі продюсер.

Тегтер: лауазым

Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де KAIST филиалын ашу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі таныстырылды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Алматы облысында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Қонаевта дәрігерлер асқазан қатерлі ісігінің асқынған түріне күрделі ота жасады

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Қазақстандық оқушылардың 2026–2027 оқу жылындағы каникул кестесі бекітілді

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Іле ауданында егін жинау науқаны қарқын алды: алғашқы өнім жиналып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz