Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қапшағай бөгенінде су азайып барады: зардабы қандай?

Бұл туралы еңбек және қоғам қайраткері Тынышбай Досымбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

03.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

«Іле өзенінің суына Қонаев қаласының ауыз суы, Шеңгелді және Ақдала суару алқаптары, балық шаруашылығы, электроэнергетика, туризм салалары мен Балқаш көлінің экожүйесі тәуелді. Соңғы жылдары су аздық мәселесі тұрғындардың да, балық шаруашылығымен айналысатындардың да наразылығын тудырып келеді», — дейді Тынышбай Досымбеков.

Оның айтуынша, су азаюдың арты жақсылыққа соқпайды:

– Балқаш көлінде бұрындары 30 мың тонна балық болса, қазір балық 5 мың тоннаға дейін азайған;

– облыс аумағында Айқай құмнан бері қарай көптеген туристік объектілер бар. Сәйкесінше, судың 200-300 метрге кейін шегінуі туризмді тұралатады;

– Шеңгелді массивінде 12000 га жерге жуа егіледі. Бұдан бөлек, дәнді дақыл, қант қызылшасы бар. Мұндағы су азайса өнім түспейді;

– Қапшағай ГЭС-і 300 мВт электр энергиясын беруге жабдықталған. Қазір су аздығына байланысты жаздыгүні жұмыс жасайды да, қыстыгүні ГЭС жұмысы тоқтайды. Ары кеткенде 220 мВт ток беретін күші бар. Қапшағай ГЭС-не иелік ететіндер еш зиян көріп отырған жоқ, тиісінше бар қуаттылығымен ток өндіре алмай отырған бізге зияны көбірек;

– судың бірде көбейіп, бірде азаюы салдарынан Сарыешкі, Наурызбай деген секілді елді мекендерде ауыз су жоқ;

– Қапшағай су қоймасының өзіне келсек, қазір балық аулайтын 19-20 объектінің 7-8 ғана қалды.

Бұл мәселелер облыс әкімінің қатысуымен өткен жиында да талқыға түскен. Ендігі қалғаны шенділердің оңтайлы әрекетке көшіп, мәселенің бетін бері қаратқанын күту ғана.

Тегтер: Қапшағай

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz