Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қарызы 80 миллион теңгені құрайды

Қонаев қаласында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің қатысуымен су проблемаларына байланысты басқосу өтті. Жиында әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қарызға белшеден батып отырғаны жайлы Д. Қонаев атындағы «Үлкен Алматы каналы» мекемесі директорының орынбасары Мейрам Арыстанов айтты, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

03.08.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Оның айтуынша, Үлкен Алматы каналының төңірегінде шешімі табылмаған түйін көп. Соның бірі, аталған филиалдың «Алматы су» мекемесімен ортақ келісімге келе алмауы. Егер «Алматы су» мекемесі олардың ұсыныстарын қабыл алса, онда 14708 га суармалы жерді сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік туады. Және тағы бір мәселе, суға байланысты жобаларды жүзеге асыру үшін филиалға белгілі бір нормативтік-құқықтық актілердің қабылдануы керек.

«Үлкен Алматы каналын басқаруда ортақ оператор қажет. Бұл жерде біз Қызылорда қаласының Әмудария, Сырдария өзендерін пайдаланудағы тәжірибесіне сүйене отырып әрекет етуге тиіспіз. Өздеріңіз білетіндей, бұл канал Еңбекшіқазақ, Талғар, Қарасай және Жамбыл аудандарының суармалы жерлеріне су береді. Ал қазіргі таңда біз жұмыс жасайтын 15 әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның 80 миллион теңге берешегі бар», — дейді филиал директорының орынбасары.

Облыс әкімі оның айтқан мәселелерін тыңдай келе, әкімнің орынбасарына Қызылорда қаласына іс-сапармен барып, ондағы жұмыстың қалай жүргізіліп жатқанын көріп келуге және аталған мәселелер бойынша хаттама толтыруға тапсырма берді.

Тегтер: Қонаев

Соңғы жаңалықтар

Еңбекшіқазақ ауданында адасып кеткен балықшы аман-есен табылды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында алма бақтарын зиянкестерден қорғаудың жаңа технологиясы енгізілуде

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өртенген кәуапханадан 5 газ баллоны шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысындағы түзеу мекемесінде қылмыстық топ құрған 10 адамға үкім шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда білім гранттарына құжат қабылдау мерзімі белгілі болды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz