Жоба жеке көліксіз жүріп, ауаның ластануын, улы газдардың бөлінуін азайтуға сеп болады.
22 шілдеде кез келген адам челленджге қосыла алады. Ол үшін қатысушылар күні бойы көліктен бас тартуы керек. Ұйымдастырушылар қоғамдық көлікпен, велосипедпен, скутермен немесе жаяу жүруге кеңес береді.
«Қатысушылар #Автокөліксізкүн челлендж хэштегтерін қолдана отырып, әлеуметтік желілерде көліксіз қозғалыстарының фотосуреттерін немесе бейнелерін бөлісуі және @birgemiz_taza_alem2022 ұйымдастырушылар парақшасын белгілеу қажет», — деп хабарлады ведомство.