Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында 34 мыңға жуық бүлдіршін мектеп табалдырығын аттамақ

Алматы облысында 34 мыңға жуық баланың ата-анасынан мектепке бару туралы өтініш түскен. Облыс бойынша 1-сыныпқа 35 805 бала қабылдау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

02.08.2022
Аймақ, Жаңалықтар

34000-ның ішінде қазақ тілінде оқитын – 25680 (76%) оқушы, орыс тілінде оқитын – 7462 (22,1%) оқушы, ұйғыр тілінде оқитын – 621 (2%) оқушы бар.

Жалпы, елімізде 400 мыңға жуық өтініш түскен. Оның 80 пайызы құжатты электронды форматта тапсырған. Министрліктің  мәліметінше, еліміз бойынша бірінші сыныпқа құжат қабылдау мерзімі аяқталды. Айта кетерлігі, ата-аналардың 70 пайызы балаларын қазақ тілінде оқытуға құжат тапсырыпты.

Сондай-ақ Абай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облыстары бірінші сыныпқа өтініш бергендер саны жағынан алда тұр. Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында да мектеп табалдырығын алғаш аттайтындардың қатары көп.

Қызылорда облысында баласын қазақ тілінде оқытуға құжат тапсырғандардың үлесі көп. Облыс бұл көрсеткіш бойынша 89,6 пайызбен көш бастап тұр. Одан кейін Ұлытау – 86,6 пайыз, Маңғыстау – 86,2 пайызбен үштікті қорытындылаған. Жамбыл облысында да бұл көрсеткіш жаман емес. Тұрғындардың 80,4 пайызы баласының мемлекеттік тілде білім алғанын қалайды екен.

«Бұл – балаларды 1-сыныпқа қабылдау науқанының қорытындысы. Оқу жылының басталуына бір ай қалды. Енді мектептер оқу-тәрбие үрдісін сапалы дайындауға және ұйымдастыруға, сынып жиынтықтарын қалыптастыруға кіріседі», – делінген министрлік хабарламасында.

Тегтер: оқу жылы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz