Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Петропавлда құдықтан алынатын су құрамында мұнай бар екені анықталды

Енді экологтар оның қайдан келгенін тексеруге кірісті, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі ktk.kz сайтына сілтеме жасап.

02.08.2022
Жаңалықтар

«Көрсеткіштер бізде мұнай өнімдері бар екенін дәлелдеп тұр. Сонымен қатар санитарлық қорғау тарапынан да сынама алды. Олар қазір тексеріп жатыр. Нәтижесі шыққанда салыстырып, ластауыш көзін тапқаннан кейін тиісті шара қолданылады», – дейді СҚО экология департаментінің басшысы Азамат Бектасов.

«Ромашка» саяжайының тұрғындары соңғы кездері құдықтағы бау-бақша суаратын судың өңі өзгеріп, иістеніп кеткенін айтып шу шығарған.

Тіпті 10 метр тереңдіктен алынатын су тұтанғанда қорқып кеткен. Өйткені суға шоқ тисе жарылыс бола ма деп қауіптенді. Тұрғындар су құрамында мұнай қалдығы болуы мүмкін екенін әрі ол жақын маңдағы жанармай құю бекетінен келгенін меңзеген.

Бірақ жанармай станциясының басшылығы өздеріне шаң жуытпай қойған. Дегенмен халықтың күдігі расталған. Суға жанармай немесе дизель араласқан.

Мамандар оның қайдан пайда болғанын тез арада анықтауға кірісті.

Тегтер: мұнайПетропавлэкология

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz