Ол әрбір қызметкер өзіне ыңғайлы жұмыс сағатын таңдау мүмкіндігіне ие екенін, күн тәртібі жұмыс беруші мен жалдамалы қызметкерлер арасындағы шартта жеке белгіленетінін түсіндірді.
Егер олар бұл мәселеде келісімге келе алса, жұмыс күні таңғы 08.00 немесе тіпті 07.00 басталуы мүмкін.
«Іс жүзінде шарт екіжақты тәртіпте жасалады, ол Еңбек кодексінде және заңға сәйкес жазылған. Қараңғыда жұмыс істемеу үшін қызметкер жұмыс берушімен келісіп, жұмыс кестесін қайта қарауы мүмкін, мысалы, оны бір сағатқа алға жылжытуға болады. Бұл шын мәнінде күрделі мәселе емес», ‒ деп атап өтті министр.