Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Маңғыстауда мұнай-газ компаниясының лауазымды басшылары ұсталды

Маңғыстау облысының прокуратурасы экономикалық тергеу департаменті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бірлесіп мұнай-газ саласының 5 кәсіпорнында тексеру жүргізуде, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
25.06.2024
Жаңалықтар, Қоғам

«ОйлТранспортКорпорейшн» ЖШС-ның («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес кәсіпорны) лауазымды тұлғалары тауар жеткізушіден 1,5 млрд теңгеден астам сомаға техникалық ерекшелікке сәйкес келмейтін автобустарды қабылдағаны анықталды. Бұл ретте олардың құны 400 млн теңгеге жоғарылатылған.

«Жұмыс істемеген арнайы техника қызметтері үшін 110 млн теңге мөлшерінде ақша қаражатын аудару фактілері белгілі болды.
Ал West Oil Software ЖШС-да («ОйлТранспортКорпорейшн» ЖШС мердігерлік ұйымы) жұмыс істемеген адамдарға 400 млн теңгеден астам жалақы төлеу, компания басшылығының жақын туыстарын қоса алғанда, негізсіз жалақы есептеу деректері де анықталды», – делінген хабарламада.

Аталған бұзушылықтар бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі («сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ірі мөлшерде беру немесе жымқыру») бойынша 5 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Процестік прокурорлар тағайындалды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде аталған ұйымдардағы 4 лауазымды тұлға ұсталды.

Қылмыстық істер облыстық Экономикалық тергеу департаментінің өндірісінде.

Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Тегтер: мұнай

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz