Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Әлем

Қазақстан мен Қытай арасында әуе рейстері саны артады

Қазақстан мен Қытай арасында әуе рейстері саны артады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
22.06.2024
Әлем, Жаңалықтар

Сиань қаласында Қазақстаның авиациялық билігі мен Қытай Халық Республикасы арасында келіссөз өткен. Нәтижесінде қос тарап екі ел арасындағы әуе рейстер санын 124-ке жеткізу және шектеусіз жүк тасымалдау туралы келісімге келді. Сонымен қатар тасымалдаушылар саны артып, Қытай аумағында жаңа пунктер қосылды.

«Қазақстандық авиакомпаниялар Хайнань аралындағы (Санья, Хайкоу және Цюнхай қалалары) пункттрге, оның ішінде бесінші, алтыншы және жетінші «ауа еркіндігін» пайдалана отырып, шексіз рейстерді орындау құқығына ие болды», – делінген хабарламада.

Министрлік Қазақстан Қытайға «ашық аспан» режимінде рейс орындау құқығына ие болған әлемдегі санаулы елдердің бірі (АҚШ және бірқатар Еуропа елдері) екенін атап өткен.

Былтыр қарашада Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим күшіне енді. Келісімнің 1-ші бабына сәйкес екі елдің азаматтары жеке істерді, туризмді, ем қабылдауды, халықаралық тасымалдарды, транзиттік, сондай-ақ іскерлік мақсаттарды жүзеге асыру үшін визалық талаптардан босатылады.

Қытаймен арада визасыз режимнің күшіне енуіне байланысты екі ел арасында әуе рейстерінің саны артты. «Эйр Астана» әуекомпаниясы Алматы-Пекин бағытында 6 рейс ұшырып келген. Енді жеті рейс ұша бастады. Ал Астана-Пекин бағыты бойынша рейс аптасына 1 рейстен 3 рейске дейін артады. Сондай-ақ бұрын Алматы-Үрімші бағыты бойынша аптасына 2 рейс ұшып жүрген болса, алдағы уақытта 7 рейске дейін артты.

Тегтер: Қазақстан мен Қытай

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта дәрігерлер асқазан қатерлі ісігінің асқынған түріне күрделі ота жасады

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Қазақстандық оқушылардың 2026–2027 оқу жылындағы каникул кестесі бекітілді

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Іле ауданында егін жинау науқаны қарқын алды: алғашқы өнім жиналып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Табиғатқа жанашырлық – ұрпаққа аманат

Диана Ахметова
31.07.2026

Заңға құрмет – елге құрмет

Диана Ахметова
31.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz