«Кез келген азамат жолда ерекше көзге түскісі келсе, VIP нөмірлерді сатып ала алады. Биылғы жылдың алғашқы 6 айында 277 адам жалпы сомасы 73 млн теңгеден асатын нөмір иесі атанды. Көлікті рәсімдеу кезінде құны 2,8 АЕК немесе 8 576 теңгені құрайтын қарапайым мемлекеттік нөмірді таңдап алуға болады. Ал VIP нөмірлердің құны 57 АЕК-тен (174 591 теңге) 285 АЕК-ке дейін (872 955 теңге) барады, — делінген мекеме хабарламасында.
Сондай-ақ, тұтынушылар нөмірдің өз нұсқасын ұсына алады, оған әкімшілік полиция басқармасында алдын-ала тапсырыс береді. Мемлекеттік нөмір иесі оны үшінші тұлғаға беруіне немесе сатуына болмайды. Автокөлік сатылған жағдайда мемлекеттік нөмірді автоцонда алты айға дейін сақтай алады.