Анна Данилина германиялық Анна-Лена Фридзаммен бірге финалда жарыстың 2-ракеткалары, корт иелері Катажина Кава – Алисия Росольскамен өнер көрсетті. Ойын 2 сағатқа жалғасты. Есеп 6:4, 5:7, 10:5.
Осылайша, Анна Данилина өз спорт жолында жұптық сында үшінші рет WTA жарысының чемпионы атанды. Өткен жылы Гданьск (Польша) қаласында үздік шықса, биыл жыл басында Сиднейде WTA-500 турнирінің жеңімпазы болған еді.