Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда енді кредит алуға талап күшейеді

Қазақстанда енді кредит алуға талап күшейеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
29.05.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқығын қорғау, қаржы нарығын реттеу және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға Сенат енгізген түзетулермен келісті.

Депутат Берік Бейсенғалиев Парламенттің жоғарғы палатасы енгізген түзетулер мына мәселелерді қарастырытынын жеткізді:

  • Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігін республикалық бюджет шығындарының құрамынан қаржыландыруды алып тастау және Ұлттық банктің бюджетінен қаржыландыруға көшу;
  • Әскери қызметшілерге мерзімді қызмет өткергеннен кейін 60 күнге банк қарызы немесе микрокредит бойынша төлемдерді қосымша кейінге қалдыруды ұсыну;
  • Синдикатталған қаржыландыруға қатысуға құқығы бар тұлғалардың тізбесін кеңейтіп, Қазақстанның бейрезидент-банктерінің филиалдарын, «Астана» халықаралық қаржы орталығының банктерін енгізу;
  • Қаржы ұйымының басшы лауазымына кандидатты келісу кезінде Ұлттық басқарушы холдингтің, Қазақстанның Даму банкінің, жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорының басшы лауазымдарындағы жұмыс өтілін ескеру;
  • Коллекторлық агенттіктердің кредиттік бюроға берешекті реттеу жөніндегі мәліметтерді ұсыну міндетін енгізу;
  • Заңның тақырыбын және жекелеген жаңа ережелерінің қолданысқа енгізілу мерзімін өзгерту.
«Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқығын қорғау, қаржы нарығын реттеу және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына Сенат енгізген өзгерістермен және толықтырулармен келісуге болады деп есептейді», — деді Берік Бейсенғалиев.
Тегтер: кредит

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz