Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Қазмұнайгаз» ҰК АҚ төрағасы тағайындалды

Асхат Хасенов ресми түрде "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
29.05.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Шешім ҚМГ акционерлерінің 28 мамырда өткен, жылдық жалпы жиналысының қорытындысы бойынша қабылданды.

Басқармадан басқа Хасенов ҚМГ Директорлар кеңесінің құрамына сайланды.

Асхат Хасенов 1983 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, Халықаралық бизнес университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы «Торғай Петролеум» АҚ мұнай және газ өндіру цехының операторы болып бастады.

2006-2010 жылдары — «Мұнай және газ өнеркәсібінің бас диспетчерлік басқармасы» АҚ жетекші маманы, бас маманы, кен орындарын әзірлеу бөлімінің басшысы, департамент директорының орынбасары, техникалық реттеу департаментінің директоры, вице-президенті.

2010-2011 жылдары — Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Мемлекеттік бақылау мониторингі және талдау басқармасының бас сарапшысы, басшысы.

2011-2014 жылдары — ҚР Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің мемлекеттік инспекция және рұқсат беру басқармасының басшысы.

2014-2019 жылдары — ҚР Энергетика министрлігінің Мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамыту және техникалық реттеу департаментінің директоры.

2019 -2022 жылдары «Қазмұнайгаз» АҚ құрылымында жұмыс істеді.

2022 жылғы 15 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Асхат Ғалымұлы Хасенов Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды.

15 мамырда «ҚазМұнайГаз» Басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Тегтер: тағайындау

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz