Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалық

Елдегі ақылы автожолдарды кім тегін пайдалана алады?

"Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №245-ІІ Заңының 5-2- бабына сәйкес ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерін) пайдаланғаны үшін ақы төлеуден бірнеше санаттағылар босатылады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
29.05.2024
Жаңалық, Қоғам

Көлік құралдарының мынадай санаттары төлеуден босатылады:

  • жедел медициналық жәрдем ұйымдарының;
  • авариялық-құтқару қызметтерінің;
  • құқық қорғау органдарының;
  • көліктік бақылау органдарының;
  • арнаулы мемлекеттік органдардың;
  • Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың;
  • жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерін) күтіп-ұстауды және оларға техникалық қызмет көрсетуді тікелей жүзеге асыратын Ұлттық оператордың;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған, тиісті ақылы автомобиль жолында (учаскесінде) күтіп-ұстауды және техникалық қызмет көрсетуді тікелей жүзеге асыратын концессионердің арнаулы автокөлік құралдары;

Автобустар: кенттерді, ауылдарды аудан немесе облыс орталықтарымен, астанамен немесе республикалық маңызы бар қалалармен қосатын қатынастарда жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын автобустар.

Сонымен қатар:

  • ақылы автомобиль жолына іргелес аудандардың аталған әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген автобустары бір аудан шегінде жүріп-тұру үшін;
  • жүк автокөлік құралдары, өздігінен жүретін доңғалақты ауылшаруашылық, мелиорациялық машиналар таяу көлікке арналған айрықтары арасындағы жол кесінділері шегінде су тосқауылдары мен темір жолдарды кесіп өту үшін;
  • ақылы автомобиль жолына іргелес аудандардың жеке және заңды тұлғаларының аталған әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген жеңіл автомобильдері бір аудан шегінде жүріп-тұру үшін;
  • Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жеңіл автомобильдері босатылады.
«Көрсетілген көлік құралдарының мемлекеттік нөмірлері жоғарыда көрсетілген санаттарға сәйкес мамандандырылған топтарға енгізіледі. Ақылы жолдардағы жол қозғалысы аркалардағы камераларға жазылып, жүйеде жол ақысы алынбайды», — делінген «ҚазАвтоЖол» ҰК «АҚ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бұл жеңілдікті алу үшін жоғарыда аталған санаттардың өкілдері «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ға көлік құралдарының мемлекеттік нөмірлерін, сондай-ақ автобустардың маршрут парақтарын қосып, ресми өтінім жіберу керек.

Тегтер: Басты жаңалықтаржолҚазАвтоЖол

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүк көлігі жеке тұрғын үйге соғылды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында полиция трассаларды дрондар арқылы бақылауды күшейтті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қазақстан XXV қысқы Олимпиадада нешінші орын алды?

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz