Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қоғамдық орындарды ластау мен қиратуға тағылатын айыппұл артады

Мәжіліс сәйкес заңды қабылдап, құжатты сенаттың қарауына жіберді, деп хабарлайды alatunews.kz.

Мөлдір Иманмади
29.05.2024
Жаңалықтар, Саясат
Фото: orangecountytribune.com

Фото: orangecountytribune.com

Қазақстанда адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы заңның екінші оқылымында мәжіліс қабылдаған заң аясында, вандализм үшін де жауапкершілікті күшейтетін болды.

Қылмыстық кодекстің 203 бабы «Ерекше құндылығы бар заттарды қасақана жою, әкету немесе бүлдіру» жаңа біліктілік нормаларымен толықтырылады. Олар: адамдардың қоғамдық орындағы мүліктерді топпен қиратуы немесе сөз байласып бірнеше рет жасалған қастандық.

ҚР Қылмыстық Кодексінің 294-бабы бойынша вандализм үшін айыппұл 50-160 АЕК-тен 100-200 АЕК-ке дейін ұлғаяды (2024 жылы — 738 мың теңге). Сонымен қатар, 160 сағатқа дейін түзету және қоғамдық жұмыстарға жегу немесе 40 тәуліктің орнына 50 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған.

Қылмыстық Кодекстің «Вандализм» туралы бабы 2-бөліммен толықтырылады. Олар: әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік немесе діни араздыққа негізделген вандализм және адамдар тобы, қастандық жасағандар тобы, қасақана немесе бірнеше рет жасағандар. Бұл үшін 300-ден 600 сағатқа дейінгі мерзімге түзеу және қоғамдық жұмыстарға жегі, 500-ден 200 мың АЕК-ке дейін (ең көбі 738 млн теңге) айыппұл салу, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру арқылы жазаланатын болады.

Белгіленбеген жерлерде қоқыс шығарғаны үшін айыппұл 5–тен 10 АЕК-ке дейін (36 920 теңге), ал бір жыл ішінде қайтадан құқық бұзса айыппұл 10-нан 20 АЕК-ке дейін ұлғайтылады.

Ғимараттарды, тұрғын үй – жайларды, қоғамдық орындарды, көлікке зақым келтіру түріндегі ұсақ бұзақылық үшін айыппұл 20-дан 50 АЕК-ке дейін (ең көбі 184 600 теңге), ал қамауға алудың ең көп мерзімі — 15-тен 20 тәулікке дейін ұлғайтылады. Бір жыл ішінде қайталанған құқық бұзушылық 15-тен емес, 20-дан 30 күнге дейін қамауға алуға әкеп соғады.

 

Фото: depositphotos.com

Тегтер: айыппұлвандализмқоғамдық орынды ластау

Соңғы жаңалықтар

Стандарты служебной этики государственных служащих

Николай Иващенко
20.03.2026

Добраться на аэротакси из Алатау до Алматы можно будет за 10 минут – Бозумбаев

Николай Иващенко
20.03.2026

Алатау — город будущего: ряд мировых компаний планируют запустить свои проекты в новом городе

Николай Иващенко
20.03.2026

ИИ-лекции и открытые встречи прошли по всей стране в рамках Digital Nauryz

Николай Иващенко
20.03.2026

Молодежный форум прошел в Талгарском районе

Николай Иващенко
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz