Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

Алматы облысы: Оқу жылы қалай кортындыланды?

Облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Гүлжан Мұхамажанқызы Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстың жалпы білім беретін ұйымдарында 2023-2024 оқу жылының аяқталуы және балалар мен жасөспірімдердің жазғы кезеңде демалысы туралы баяндады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
28.05.2024
Алматы облысы, Жаңалықтар, Қоғам

Осы оқу жылын облыстың 474 білім беру ұйымында 350 011 оқушы аяқтайды. Олардың ішінде 11 сыныпты 14 222 оқушы бітіреді. «Алтын белгіге» үміткер – 948, «Үздік аттестатқа» үміткер 1206 оқушы бар.
Гүлжан Мұхамажанқызының айтуынша, балаларды білім нәрімен сусындырып жүрген ұстаздар үшін де, жыл табысты болды.Оқу жылы ішінде 33 мың педагог сапалы қызмет атқарып,айтарлықтай нәтижелер көрсеткен. Мәселен, былтыр халықаралық білім жарыстары мен олимпиадаларда топ жарып, 117 бала жүлдегер атанса, биыл 150 бала жеңімпаздар қатарынан көрінген.

Сонымен қатар, спикер білім сапасын арттыру мақсатында облыс әкімдігінің қолдауымен «Жол картасы» жасалғанын атап өтті. Жол картасы аясында, «Білім инновация» халықаралық қоғамдық қорымен бірлесе отырып, «50 табысты мектеп» жобасы жүзеге асырылып, білім сапасы 1,6 пайызға өскен.
Бұдан бөлек, Гүлжан Мұхамажанқызы балалардың жазғы демалысы қалай өтетініне тоқталды.
Жазғы демалыс кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, олардың бос уақытын және сауықтыру ұйымдарын пайдалануға дайындау және қабылдау жөніндегі облыс әкімінің өкіміне сәйкес қажетті іс-шаралар ұйымдастырылуда.Облыс аумағында 20 жазғы сауықтыру орталықтары бар. Оның ішінде жазғы кезеңде 1 мемлекеттік және 14 жекеменшік лагерь өз жұмысын бастайды деп күтілуде.

«Биыл жазғы демалыста 1-10 сыныпта оқитын 7-14 жас аралығындағы 272 861 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған, көп балалы отбасылардың балалары, мүгедек және мүмкіндіктері шектеулі балалар, жалпы білім беретін мектептердің үздік оқушыларын қамтуы жоспарлануда», — дейді Гүлжан Мұхамажанқызы.

Сонымен қатар, демеушілер тарапынан 120 бала сауықтыру шараларымен қамтамасыз етілді. Және де «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының «Жаздық сауықтыру жолдамасы» әлеуметтік жобасы аясында облыстың 4 лагеріне 2421 балаға жолдама берілді.

Спикердің ақпарынша, балалар демалатын лагерьлер тізімі барлық мүдделі органдар назарына жеткізіліп,лагерь басшыларымен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.Атап айтсақ, 15-17 мамыр аралығында ҚР Үкімет аппаратының аймақтық инстпекторының жұмыс сапары барысында тексерулер жүргізілді.Өңірдегі 5 лагерьдің жазғы уақытта балаларды қабылдауға дайындығымен танысты

Тегтер: Алматы облысымектеп

Соңғы жаңалықтар

Еңбекшіқазақ ауданында адасып кеткен балықшы аман-есен табылды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында алма бақтарын зиянкестерден қорғаудың жаңа технологиясы енгізілуде

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өртенген кәуапханадан 5 газ баллоны шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысындағы түзеу мекемесінде қылмыстық топ құрған 10 адамға үкім шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда білім гранттарына құжат қабылдау мерзімі белгілі болды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz