Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Маңғыстау облысында мектеп түлектері жаппай төбелес шығарған

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы Боранқұл ауылында мектеп түлектері жаппай төбелес шығарған, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
26.05.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Әлеуметтік желіде тараған видеода ондаған оқушы төбелесіп, тіпті кейбірі тас лақтырып жатқанын көруге болады.

Жергілікті полиция департаменті бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Кәмелетке толмаған 47 бала полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді», — дейді полицейлер.

Көп ұзамай оқушылардың өзі де бұл жайтқа байланысты кешірім сұрады.

«Соңғы қоңыраудан кейін азғантай келіспеушілік болды. Бұл жағдайда ешкім дене жарақатын алған жоқ. Осы жағдайға байланысты ата-аналардан, мектеп басшылығынан, мұғалімдерден кешірім сұраймыз», — дейді видеода оқушылар.

Сонымен қатар, ата-аналар да оқушылардың төбелесіне байланысты кешірім сұрады.

«Бүгін, 25 мамырда соңғы қоңыраудан кейін аз ғана уақыт ішінде мектеп оқушыларының келіспеушілігіне байланысты түсіндіріп өтейін: біздің балаларымыз ешқандай дене жарақатын алған жоқ. Балалар аман, ешкімге талап, арызымыз жоқ. Мектеп мұғалімдері, директор, полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ата-аналар балаларының қасында түгел болды. Аз ғана сәтті кесіп, интернетке салып жіберуіне байланысты халық арасында түсінбестік туды. Халықтан кешірім сұраймыз», — дейді ата-аналар.
Тегтер: Басты жаңалықтартөбелес

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz