Бұдан соң көп ұзамай елімізде мектептердің құрылысы қарқынды түрде басталып кетті. Аталмыш жоба аясында салынатын мектептер түрлі оқу кабинеттері, спорт залдар және соңғы үлгідегі заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталуға тиіс. Талапқа сай орта және бастауыш сыныптар жеке асханалары мен жуынатын бөлмелері бар бөлек блоктарда оқытылу керек.
Қазіргі таңда Алматы облысы бойынша 1760 білім беру ұйымы жұмыс істеп жатса, оның ішіндегі 429 нысан мемлекеттік мектеп санатына енеді. Жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан үш ауысымды мектептер мәселесін шешу мақсатында 15 570 оқушыға арналған 16 мектептің құрылысы жанданып отыр.
Сондай-ақ, облыстағы Еңбекшіқазақ ауданында 2023-2025 жылдар аралығында «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 10 мектеп салу жоспарланған.
Жоспар бойынша:
2023-2024 жылдарға 4 мектеп:
Ащысай ауылы 600 орын, Алмалы ауылы 600 орын, Сатай ауылы 900 орын, Қаражота ауылы 300 орындық мектептердің құрылысы жүріп жатыр. Тапсырыс беруші «СамұрықҚазына» АҚ.
2024- 2025 жылдарға 6 мектеп:
Бәйдібек би ауылы 900 орын, Қорам ауылы 900 орын, Түрген ауылы 1200 орын, Тескенсу ауылы 900 орын, Қайназар ауылы 900 орын, Бәйтерек ауылы 1200 орын.
10 мектептің жер учаскелері «СамұрықҚазына» АҚ-на рәсімделіп берілді.