Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматыда бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

Бүгін Алматы гуманитарлы-экономикалық университетінде жыл сайынғы дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бос орындар, яғни «Сәтті қадам» жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
16.05.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Жәрмеңкені ұйымдастырудағы негізгі мақсат — жұмыс берушілер мен бітіруші түлектер арасында еркін диалог алаңын қалыптастыру, нарықтағы сұранысқа ие мамандықтарды анықтап, соның негізінде мамандар даярлау. Мұндай жәрмеңке жыл сайын университет қабырғасында әртүрлі форматта өтеді. Жәрмеңке нәтижесінде бітіруші түлектер өздеріне керекті жұмыс орындарымен танысып, жұмысқа орналасады. Жыл сайынғы өткен жәрмеңке нәтижесінде университет түлектерінің 95 пайызы жұмыспен қамтылды.

Бүгін өткізілген жәрмеңкеде университеттің бірінші проректоры Бекенова Лидия Молдабайқызы шараға келген жұмыс берушілерге алғыс айтып, студенттерді мансап жолындағы алғашқы қадамдарымен құттықтап, университет түлектерін жұмыспен қамтуға арналған жобалар туралы айтты. Іс-шарада Алматы қаласы, Алматы облысынан бөлек, алыс аймақтардан келген жұмыс берушілерге сөз беріліп, жұмыс орындары туралы баяндауына, өз мекемелері туралы ақпарат беруіне мүмкіндік берілді. Бос орындар жәрмеңкесіне қатысушы жұмыс берушілерге 2024 жылы бітіретін түлектер туралы ақпаратты “Педагогика, бизнес және құқық” институтының директоры Нурлихина Гүлмира Болатқызы таныстырды.

Оқу орнында дәстүрлі түрде өткізіліп отыратын жәрмеңкеге 40-тан астам мекеме қатысты. Олардың қатарында орта білім беру ұйымдары, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, жекеменшік білім беру ұйымдары, өндірістік және сатумен айналысатын компаниялар бар. Іс-шараға қатысқан жұмыс берушілер тарапынан 400 бос жұмыс орны ұсынылды. Жәрмеңкеге келген мекемелер бітіруші түлектермен ашық сұхбаттасып, өз кезегінде жұмысқа қабылдайтыны туралы мәлімдеді.

Тегтер: алматыуниверситет

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz