Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының экс-басшысы сотталды

13 мамырда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметовқа қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
14.05.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Сотта Мырзахметовтың 2022 жылы мамыр айынан қазанға дейінгі аралықта Б.-ға ағасын қамаудан босату және оған қатысты сотқа дейінгі іс жүргізуді тоқтату мәселесін шешуге мүмкіндігінің бар екендігін айтқаны анықталды. Ол ақшалай сыйақы үшін мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жоғары лауазымды тұлғалары арқылы бұл мәселе шешілетінін жеткізген. Ақырында  алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы алаяқтық жолмен формальды түрде қарыз шарттарын ресімдей отырып, Б.-ның аса ірі мөлшерде 13,9 млрд теңгесін жымқырған.

Сотталушы кінәсін мойындап, әділ жаза тағайындауды сұрады.

«Сот үкімімен Мырзахметов аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде 10 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, мемлекет кірісіне қылмыстық жолмен алынған 5,8 млрд теңге сомасында ақша қаражаты тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айырылды», — делінген Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты таратқан хабарламада.

Сот ҚР ҚК-нің 49-бабының 2-бөлігі негізінде ҚР Президентіне Мырзахметовты «Құрмет» және 3-дәрежелі «Барыс» ордені  сынды мемлекеттік наградаларынан айыру туралы ұсыныс енгізді.

Мырзахметовтың мүлкіне салынған тыйым өз күшінде қалдырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Тегтер: Сот

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz