Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы Түркия елінде кең көлемде аталды

Анкара қаласында балалар әдебиетінің бәйтерегі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
30.04.2024
Алматы облысы, Жаңалықтар, Қоғам

Оған «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының өкілдері, Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары, мәдениет саласының қызметкерлері мен ҚР Жазушылар одағының төрағасы қатысты. Барысында сөз алған Нұрлан Ерғалиұлы ұйымдастырушыларға алғыс айтып, өңір басшысы Марат Сұлтанғазиевтің жылы лебізін жеткізді.

«Екі елдің арасында мәдени ынтымақтастықты дамыту мақсатында  «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымымен бірлескен жұмыс жоспары жасалған.
Аясында қазақ әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойы халықаралық деңгейде атап өтілуі осының айқын көрінісі. Аталмыш ұйымның қолдауымен маңызды халықаралық жоба қолға алынып отыр. Бердібек Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтіп келмейді» романының жазылғанына 40 жыл толуына байланысты, осы тамаша туынды түрік тіліне аударылылды. Осы іспеттес игі шаралардың басынан табылған әрбір азаматқа алғыс білдіремін!», — деді Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым.

Мерейтой аясында халқымыздың руханиятына өшпес мұра қалдырған жазушының жеке заттары, кітаптары және экспонаттар қойылған көшпелі көрме ұйымдастырылды. Яғни, Кеген аудандық тарихи-өлкетану музейінің негізгі қорында сақталған Бердібек Соқпақбаевтың қолшатыры, сағаты, отбасылық суреттері және т.б заттары көпшілік назарына ұсынылды.

Қаламгердің 100 жылдығына арналған шара «Ақжауын» камералық оркестрінің концертімен жалғасты. Сахна төрінде ҚР Мәдениет саласының үздіктері: Бибігүл Қилымхан, Жігер Бертісов, Гүлнұр Сарғызова және Халықаралық, республикалық конкурстардың лауреаттары өнер көрсетті.

Концертте Секен Тұрысбек, Құрманғазы, Мүкей, Сүгір, Жантөре, Нұрғиса Тілендиев сынды қазақ композиторларының туындыларымен қатар Түрік елінің әуендері де орындалды.

Тегтер: Алматы облысымерейтой

Соңғы жаңалықтар

Өміріңді таңда: зиянды әдетке жол жоқ

Диана Ахметова
03.08.2026

Көркейген өлке – кемел келешек

Диана Ахметова
03.08.2026

Заңға құрмет – азаматтық жауапкершілік белгісі

Диана Ахметова
03.08.2026

Берік отбасы – бақытты болашақ негізі

Диана Ахметова
03.08.2026

Жеке деректерді қорғау – өз қауіпсіздігіңізді қорғау

Диана Ахметова
03.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz