Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

Қонаевта 13 000 оқушы бір мезетте ағаш тұқымын егу рәсіміне қатысты

Бүгін Қонаевта «Жасыл аймақ» акциясы аясында 14 мектептің 13 000 оқушысы бір мезетте ағаш дәнін егу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
26.04.2024
Алматы облысы, Жаңалықтар, Қоғам

Орта мектеп-гимназияда өткен шарада облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлсара Исағұлова мен қала әкімі Асхат Бердіханов бой көрсетті.

Шара барысында педагог-зерттеуші балаларға ботаника туралы түсіндіріп, ағаштарды күтіп баптау жайында айтып өтті. Ал оқушылар 5000-ға жуық қылқанжапырақты ағаштың дәнегін арнайы дайындалған ыдыстарға отырғызып шықты.

«Бүгін облыста «Өз ағашыңды өсір» акциясы өтуде. Балалардың белсенді қатысып жатқаны қуантады. Оқушыларды, балақайларды табиғатты аяулап ұстауға үйрету қоғамда маңызды рөл атқарады. Себебі, қала көшелерінің, аулаларының таза болуын қамтамасыз ету, табиғаттың ластанбауы — барлығымыздың жауапкершілігіміз. Естеріңізде болса, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдімекендерде 15 млн ағаш егуді тапсырды. Бүгінгі акция тек тапсырманы орындау үшін ғана емес, қаламызды жасылдандыруға арналып отыр», — деді Асхат Бердіханов пікірін білдіріп.

Жалпы «Жасыл аймақ» апталығында Қонаевта 1500 түп жасыл желек отырғызу жоспарланған. Бұл жұмысқа кәсіпкерлер, әлеуметтік мекемелер, білім ошақтары белсенді қатысып жатыр.

Тегтер: Қонаевоқушы

Соңғы жаңалықтар

CREATOR: gd-jpeg v1.0 (using IJG JPEG v80), quality = 80

Алматы облысында 52 миллион көшет отырғызу жоспарланған

Қорлан Нұрланқызы
24.04.2026

Алматы агломерациясын дамыту: газ, жол және жаңа мектептер мәселесі талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
24.04.2026

Қонаевта 30 жыл жиналған қоқыс үйінділері тазартылды

Қорлан Нұрланқызы
24.04.2026

Жүздеген елді мекен қамтылады: Алматы облысы сенбілікке дайындалып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
24.04.2026

Марат Сұлтанғазиев Жамбыл ауданындағы өндіріс орындарын аралады

Қорлан Нұрланқызы
24.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz