Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Көліктерді тіркеу ережелеріне түзетулер енгізілді

ІІМ-де көлік құралын тіркеу және жүргізушілерді даярлау қағидаларына енгізілген түзетулер туралы айтылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
24.04.2024
Жаңалықтар, Қоғам

«Көлік құралын тіркеу және жүргізушілерді даярлау қағидаларына түзетулер енгізілді. Олардың негізгілеріне тоқтала кетсем: Біріншіден, біз жоғары сұранысқа ие мемлекеттік нөмірлерді қайта алуды жеңілдеттік. Егер сіз басқа аймаққа көшкен болсаңыз, онда алдыңғы аймақта алынған жоғары сұранысқа ие нөмірді өзіңізде қалдыра аласыз. Сонымен қатар дәл осындай нөмірлерді жақын туыстарыңызға, яғни ата-анаңызға, бауырларыңызға, балаларыңыз немесе жұбайыңызға қайта рәсімдей аласыз. Біз бұл түзетулерді осыған ұқсас жағдайларға тап болған азаматтардың өтініштерін ескере отырып ұсындық.

Екіншіден, көлікті тіркеу процесін жеңілдету үшін біз оның техникалық сипаттамалары бойынша бірқатар қағаз құжаттардан бас тарттық. Қазақстанда көлікті бастапқы тіркеу кезінде біз бұл құжаттарды мемлекеттік органдардың дерекқорынан электронды түрде алатын боламыз. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді алу кезінде алаяқтық әрекеттерді болдырмау мақсатында автокөліктерді сату-сатып алу келісімін нотариалды куәландыру бойынша талап қайтарылды. Дәл осы мақсатта көлікті бастапқы тіркеу немесе кузовты ауыстыру, қайта жабдықтау немесе оның түсін ауыстыру барысында міндетті түрде криминалистер тарапынан көліктің тексерілуі енгізілді. Бұдан басқа, «А», «В» санатындағы жеңіл көліктер мен мотоциклдерге жүргізу куәлігін алу үшін міндетті түрде көлік мектептерінде оқудан өту қажет.
Олар көліктердің ең көп таралған түрлері болып табылады. Талдау көрсеткендей, жол-көлік оқиғаларына жиі түседі. Сондықтан оларды жүргізу үшін кешенді теориялық және практикалық даярлықтан өту керек. Жалпы 53 түзету қабылданды. Олар ағымдағы жылдың 23 сәуірінен бастап күшіне енді. Құрметті азаматтар! Аталған түзетулер ең алдымен сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етуге, сондай-ақ азаматтарға полиция тарапынан көрсетілетін қызметтердің сапасын көтеруге бағытталған», – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.
Тегтер: Басты жаңалықтарзаңкөлік

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz