Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Әлем

Түркиядан келген мамандармен елдегі туризм саласын дамыту жолдары талқыланды

Түркітілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямергенқызының ұйымдастыруымен Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігінің Қазақстандағы туризм және мәдениет атташаелері Солмаз Хаберал мен Алпарслан Акынджы Алматыдағы БАҚ өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
22.04.2024
Әлем, Жаңалықтар, Қоғам

Кездесу барысында екі елдегі туризмді дамыту мәселелері, медициналық туризм, 2024 жылға арналған жаңа жобалар мен мақсаттар талқыланды.

Еркін форматта өткен кездесудің басты мақсаты — туризм саласын меңгерген мамандармен пікір алмасу, екі елдегі осы саланың дамуын бағалау. Басқосудағы таныстықтан кейін Солмаз Хаберал мен Алпарслан Акынджыға түрлі сұрақтар қойылды.

Қонақтардың айтуынша, Түркиядағы туристер саны 2023 жылы 2022 жылмен салыстырғанда, 10 пайызға артқан. Осылайша, 2023 жылы түріктер елі шет елдерден 56,7 миллион турист қабылдап, елдің туризм кірісін 54,3 миллиард долларға жеткізген. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Ал 2025 жылы бұл көрсеткішті 100 миллионға жеткізіп, туризмнен түсетін кірісті 100 миллиард доллардан асыруды көздеп отырғандарын айтады.

Жиналғандардың әрқайсысы өз пікірін білдіріп, ойларын ортаға салды.

Туризмнің қыр-сырына тереңнен үңілген соң қонақтарға Нәзия Жоямергенқызы Түркітілдес журналистер қоры атынан кәдесый ретінде сыйлықтар тапсырды.

Елімізге алғаш рет аяқ басқан Солмаз Хаберал қонақжайлыққа ризашылығын білдіріп, ыстық ықыласын жаудырды. Алдағы уақытта бірлесіп тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасағылары келетінін тілге тиек етуді ұмытпады.

Тегтер: Туризм

Соңғы жаңалықтар

Снайперы ССО стали лучшими на Кубке Алматинской области

Николай Иващенко
25.02.2026

Профилактические кабинеты открыты в Алматинской области

Николай Иващенко
25.02.2026

Михаила Шайдорова встретили в Астане

Николай Иващенко
25.02.2026

В Алматинской области открыли класс юных полицейских

Николай Иващенко
25.02.2026

В Алматинской области прошел масштабный концерт в поддержку новой Конституции

Николай Иващенко
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz